Атлантикалық антициклонның әсерінен елімізде қар жауып, бұрқасын болады - Жаңалықтар | BNews

Атлантикалық антициклонның әсерінен елімізде қар жауып, бұрқасын болады

31 қаңтар, 15:07 842
Атлантикалық антициклонның әсерінен елімізде қар жауып, бұрқасын болады

Алдағы үш күннің ауа райы туралы мәліметті "Қазгидромет" РМК жариялады, деп хабарлайды BNews.kz.

 Атлантикалық циклонмен байланысты жылы ауа ағымдары Қазақстанға өте баяу жылжуда.

Оған еліміздегі ауа райының суық және қуатты Сібір антициклонының ықпалында болуы әсер етуде. Бірақ, енді күн жылына бастайды.

Алдағы үш тәулікте, циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағы арқылы өтіп, температура жоғарылайды. Сондай-ақ, боран соғып, қар жауады, батыс жақтан қатты жел тұрады. Оңтүстік аудандарда көктайғақ болады. Осы кезеңде ауа температурасы климаттық нормаға жуық болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары