Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана мен тағы алты облыста жол жабылды

06 ақпан, 2019, 09:58 1234
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана мен тағы алты облыста жол жабылды

Елордада ауа райының күрт нашарлауына байланысты барлық көлік құралдары үшін барлық бағыттағы қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазақстанда Астанадан бөлек, 6 облыста жол жабылды, деп хабарлайды BNews.kz "ҚазАқпарат" ХАА-ға сілтеме жасап.

Қатты аяздан Ақмола облысы, Қостанай облысы, СҚО және Павлодар облысында барлық бағыт бойынша жол жабылды.

Сондай-ақ, Астанада да ауа райының күрт нашарлауына (желдің күшеюі, боран, жолдың көрінбеуі) байланысты барлық көлік құралдары үшін барлық бағыттағы қозғалысқа шектеу қойылды.

ШҚО ауа температурасының -35 градусқа төмендеуіне байланысты, Павлодар облысында сағат 19:00 бастап "Омбы-Майқапшағай" автожолының (587-634 шақырым Павлодар облысы - Семей қаласы) дизельді және қоғамдық көліктерге арналған бөлігі жабылды.

Қарағанды облысында боран мен көру мүмкіншілігінің шектелуіне байланысты автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды. Яғни Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау автожолы (Ақмола облысының 51-102 шақырым аумағы мен Нұра ауылына дейін), "Жезқазған- Петропавл" автожолы (Жезді ауылынан Қостанай облысына дейін 65-252 шақырым). Жүк тасымалдау және қоғамдық көліктер үшін "Қызылорда -Павлодар" автожолы Жезқазғаннан Топар ауылына дейін 424-906 шақырым) және "Екатеринбург-Алматы" автожолы (Қарағанды қаласынан Балқашқа дейін 1492-1858 шақырым).

Еске сала кетейік, бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанадағы мектептердің бірінші және екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#жол жабық #ауа райы

Читайте также

Похожие новости