Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресейден әкелінетін ет өнімдеріне қатысты шектеу енгізді

16 Января, 2019, 12:13 1935
Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресейден әкелінетін ет өнімдеріне қатысты шектеу енгізді |  | BNews.kz

Оған Приморский аймағынан аусыл дертінің шығуы себеп болып отыр.

Ресей Федерациясының Приморский өлкесі аумағынан аусыл дертінің ошағы анықталуына байланысты уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайты.

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Халықаралық эпизоотиялық бюросының ресми нотификациясы негізінде 2019 жылғы  14 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясының Приморский өлкесі аумағынан аусылға бейім жануарларды, сиыр етін, шошқа етін, қой етін, сүт және сүт өнімдерін, жылулық өндеуден өткен дайын өнімдерді қосқанда, жануарлар союдан алынған тағамға қолданылмайтын шикізаттар мен бұйымдарын, аусылға бейім малдарды ұстауға, союға және өңдеуге қолданылған жабдықтарын, жануарларға арналған азықтар мен азықтық қоспаларын кіргізуіне уақытша шектеулер енгізеді", - делінген таратылған хабарламада.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13929

Похожие новости