Ауыр атлеттеріміз – бірінші орында

22 қазан, 2018, 11:14 371 Қызылорда облысы
Ауыр атлеттеріміз – бірінші орында

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында өткен ҚР жеке командалық чемпионатында облыс спортшылары табысты өнер көрсетті.

Жалпы командалық есепте ұлдар 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленіп, 1-орынды жеңіп алса, қыздар 1 алтын, 4 күміс, 4 қола медальмен 3-орынды еншіледі.

Жекелей есеп бойынша ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан чемпионатының нәтижесі төмендегідей:

Алтын жүлдегерлер, ұлдар: 61 келі:  Ерасыл Ергенбай, 81 келі: Есенгелді Сәпи, 96 келі: Рахат Бекболат (үшеуі де мектеп-интернат-колледж), қыздар,40 келі: Алтынай Тәңірбергенова (№17ОРМБЖМ).

Күміс жүлдегерлер, ұлдар:67 келі: Бексұлтан Айтбай (№2ОРМБЖМ), 89 келі: Шахизат Абдрахманов (мектеп-интернат-колледж), қыздар:55 келі: Аяжан Нұржан (мектеп-интернат-колледж), 59 келі: Арайлым Қайсар (ЖСШМ), 76 келі: Динара Қыпшақбай (ЖСШМ), +81 келі: Айсамал Сансызбаева (мектеп-интернат-колледж).

Қола жүлдегерлер, ұлдар: 50 келі: Әлфараби Жауынтаев (мектеп-интернат-колледж), 55 келі: Димаш Данышпан (мектеп-интернат-колледж), 61 келі: Азамат Төлеген (№2ОРМБЖМ), қыздар: 40 келі: Таисия Алексеева (№17ОРМБЖМ), 59 келі: Кристина Буторина (№15ОРМБЖМ), 64 келі: Нұрай Құрманбай (№2ОРМБЖМ), 71 келі: Надежда Осмаева (ЖСШМ).

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!