Ауруханалар заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс – Сағынтаев

02 қазан, 2018, 11:25 2475
Ауруханалар заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс – Сағынтаев

Премьер-министр бұл бағытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті толыққанды пайдалану керектігін айтты.

Денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық жағдайын заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету проблемасын шешу қажет. Бұл жөнінде денсаулық сақтау саласының өзекті проблемалары мен медициналық қызмет көсету сапасын арттыру мәселесі қарастырылған бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

"Егер, біз талаптардың барлығын өңірлерге жолдайтын болсақ, онда оларға жұмысты жандандыру үшін тетіктер ұсыну керекпіз. Көрсеткіштер бойынша әкімдер баяндап өтті. Мысалы, өлім-жітімнің көбеюі қарттарға байланысты деп соларға ысырып отыр. Бұл дұрыс емес. Біз қазақстандықтардың өмір сүру жасын 73 жастан асырамыз деп отырғанда, бар мәселені қарттарға ысыра салуды өз жұмысына деген көзқарасының дұрыс еместігін білдіреді. Әрине, скрининг жасаған кезде көрсеткіштер көбейеді. Бірақ, скринингті шығару арқылы біз өз жұмысымызды жетілдіру керекпіз. Дәрі-дәрмектің толыққанды жеткізілуі, медициналық құралдармен қамтамасыз етілуі, кадрлардың жеткілікті болуы бойынша мәселелерді бір жүйеге келтіру қажет", - деді үкімет басшысы.

Премьер-министр әкімдерге бүгінгі үкімет отырысында айтылғандарды ескере отырып, түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды.

"Алдымен денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық жағдайын заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету проблемасын шешу қажет. Бұл жерде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік әдісін толыққанды пайдалану керек. Денсаулық сақтау министрлігі Білім және ғылым минитсрлігі және әкімдіктермен бірлесіп арнайы маман дәрігерлерді оқыту, емханаларды дәрігер кадрлармен қамту, олардың біліктілігін арттыру, әлеуметтік қолдау шараларын қабылдасын", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Бақытжан Сағынтаев #медицина #дәрі-дәрмек

Читайте также

Похожие новости