Құрылысқа 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған.
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында жұмыс сапарымен келген облыс басшысы Даниал Ахметов қала орталығында 600 орындық қазақ мектебінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды BNews.kz Алтайньюске сілтеме жасап.
Осыған дейін кеңес дәуірінде салынған ғимаратта отырған қалалық қазақ мектеп-лицейінің ұжымы бұдан былай заманауи білім ордасында білім береді.
"Бүгінде тәуелсіз Қазақстан халқының қол жеткізген асулары бір төбе. Елімізде "Рухани жаңғыру" аясында атқарылып жатқан ауқымды істер баршылық. Сондай айтулы істердің басында Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұр. Осындай алып ғимарат, заманауи мектеп сіздер үшін, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі ұландары үшін пайдлануға беріліп отыр. Бүгінгі Аягөз қаласында ашылып отырған білім ордасы соның жарқын айғағы. Сондықтан да еліміздің болашағы сендер, сабақтарыңды жақсы оқуларың керек", - деді облыс басшысы Даниал Ахметов жас өрендерге.
Құрлысқа 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған, аумағы алты мың шаршы метр жерді алып жатқан білім ордасында 30-дан астам арнайы жабдықталған заманауи сынып бөлмелері, кең де жарық спорт залы, асхана, акт залы, аудан бойынша ашылған 19 IT кабинеттің біреуі орналасқан.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Читайте также
Ұқсас жаңалықтар
-
Түркістанда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 10 кітап жарыққа шықты
-
Даниал Ахметов Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы есеп берді
-
Астанада "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа тәсілдері таныстырылды
-
"Астана Опера" театры еуропалық көрерменге 17 спектакль ұсынды
-
Назарбаев "Рухани жаңғыруды" іске асырудың мәселелерін Жолдасбековпен талқылады
-
Семейде мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында жаңа балабақша ашылды
-
Қазақстандық балет Испанияның Валенсия қаласында қойылды
-
Өскеменде халықаралық стандарттарға сай жеңіл атлетикалық кешен салынады