Аязда тоңып тұрған павлодарлықтарды "мейірімді жүргізушілер" үйіне дейін жеткізуде

06 ақпан, 2019, 16:55 1729
Аязда тоңып тұрған павлодарлықтарды

Айналасына бей-жай қарамайтын кез келген азамат кешкі уақытта аялдамаларда тоңып тұрған жерлестерін үйлеріне дейін тегін жеткізіп сала алады.

5 ақпан күні облыс орталығында "Мейірімді Павлодар" акциясы басталды, деп хабарлайды BNews.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы АртМедиа бөлімінің инспекторы Аида Байтемірованың айтуынша, бірінші күні игі іске 30 көлік иесі қатысып, 300 адам үйлеріне дейін тегін жеткізілген. 

"Мұндай акция жыл сайын өткізіледі. Автомаршрут сызбасы қаланың барлық шағын аудандарын қамтыды. Жүргізушілерді алдыңғы терезесінде эмблема жабыстырылып, апаттық шамы қосылып тұрғанынан тануға болады. Акция осы аптаның соңына дейін жалғасады", - дейді Аида Байтемірова. 

Сондай-ақ, оның сөзінше, автокөлік иелері өздерінің жеке көліктерімен сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін аялдамада тұрған адамдарды үйлеріне дейін тегін жеткізіп салады. Оған айналасына бей-жай қарамайтын кез келген тұрғын қатыса алады.

Бұл жолы жастар бастамаларын қолдау орталығын @nissan.club.pvl14, @bmw_club_pavlodar, @mercedes_club_14, KiaRio, @volga_club_pavlodar, @zello_pavlodar, @mitsubishi_club_pvl, Павлодар авто 14 автоклубтары мен басқа да көптеген азаматтар қолдаған. 

Шараға қатысты ақпарат әлеуметтік желілерде #добрыйпавлодар, #црмипавлодар, #тёплыйпавлодар хэштэгтерімен жарияланады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Павлодар облысы #жүргізушілер #аяз #акция

Читайте также


Похожие новости