Азаматтық авиация комитеті "НАК КАЗАВИА" жұмысын тоқтатты - Жаңалықтар | BNews

Азаматтық авиация комитеті "НАК КАЗАВИА" жұмысын тоқтатты

01 тамыз, 09:58 1701
Азаматтық авиация комитеті

Бұған Як-12 ұшағы 2017 жылдың 27 шілдесінде Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылының маңында құлағаны себеп болып отыр. Аталған апат салдарынан екі адам қаза тапқан.

Азаматтық авиация комитеті ұшу қауіпсіздігін бұзған "НАК КАЗАВИА" ЖШС авиакомпанияның жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ИДМ Азаматтық қоғам комитетінің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

"2017 жылдың жазында Алматы облысында орын алған Як-12 ұшақ апаты тергеуінің қорытындысы бойынша ұшақты әуе кемесінің командирі мас күйінде (1.19 промилле) басқарғаны дәлелденді.

"ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті 2018 жылдың 25 тамызынан бастап,"НАК КАЗАВИА" ЖШС-ның авиациялық жұмыстарды орындау сертификатын қайтарып алу туралы шешім қабылдады. Жоғарыда аталған жайт "Қазақстан Республикасының Азаматтық авиациядағы медициналық сараптама мен тексеру қағидалары" атты №324 бұйрығының 58-тармағын, "Азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушылары үшін сертификаттау талаптарын бекіту туралы" №153 бұйрығының 2 параграфтың 8 тармағының 3 тармақшасының сертификаттау талаптарын, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заңның 16-3-бабының 5-тармағын өрескел бұзу болып табылады", - делінген хабарламада.

"НАК КАЗАВИА" ЖШС 2018 жылдың 25 тамызына дейін өз қызметкерлері алдындағы қарыздарын және салық органдары алдындағы төлемдерін өтеуді қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар, сертификатты қайтарып алу туралы хабарламаны алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде пайдалану ерекшеліктері бар әуе жұмыстарын орындауға берілген куәліктің түпнұсқасын азаматтық авиациядағы уәкілетті органға қайтаруы қажет.

Азаматтық авиация комитеті өз жұмысында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең қатаң шараларды қолдану тәжірибесін ұстанады және ұшақтарды пайдаланушылардың барлығын ұшу қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады. 

Еске сала кетейік, Як-12 ұшағы 2017 жылдың 27 шілдесі күні Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылының маңында құлаған болатын. Апат салдарынан екі адам қайтыс болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары