Адам ұрлады деген күдікті Әзербайжаннан Астанаға экстрадицияланды - Жаңалықтар | BNews

Адам ұрлады деген күдікті Әзербайжаннан Астанаға экстрадицияланды

30 шілде, 14:48 1676 Астана
Адам ұрлады деген күдікті Әзербайжаннан Астанаға экстрадицияланды

Қылмыстық іс өткен жылы Астана қаласында орын алды.

Бопсалап қорқытып мүлікті алу мақсатында күш қолдану арқылы азаматты ұрлаған күдікті Әзербайжаннан Астанаға экстрадицияланды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Бас прокуратура және Астана қаласының Ішкі істер департаментінің қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Әзербайжаннан Ирада Рустамованы экстрадициялады", - делінген хабарламада.

Оған алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен бірлесіп, бопсалап қорқытып мүлікті алу мақсатында күш қолдану арқылы азаматты ұрлады деген күдік тағылды. Аталған қылмыс өткен жылы Астана қаласында орын алды.

Күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгергендіктен, халықаралық  іздеуде болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары