Бахрейн Астанада жаңа мектеп салады

12 қазан, 2018, 16:43 3164 Астана
Бахрейн Астанада жаңа мектеп салады

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Бахрейн Ханзадасының атындағы қайырымдылық қорының бас хатшысы Мұстафа Әли Мұхаммед Әл Сайед мырзамен кездесті.

Келіссөздерден кейін тараптар Астанада білім объектісінің құрылысын салу мүмкіндігіне тоқталды, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Айта кетейік, 2014 жылы Бахрейн ханзадасы Хамад бен Иса әл Халифа Қазақстанға ресми сапары кезінде әлеуметтік нысанның құрылысын салу туралы келісімге қол қойған, ол Бахрейн Корольдігінің Астанадағы символы іспеттес болады.

Кездесудің соңында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қайырымдылық қорының бастамасына жан жақты қолдау көрсетуге уәде берді. Ал өз тарапынан Мұстафа Әли Мұхаммед Әл Сайед мырза қарым-қатынас пен келіссөздерге көңілі толғанын жеткізді. Жоғары шенді қонақтар болашақта салынатын ғимарат Астананы ерекше архитектурамен толықтыра түсетініне сенімді.

"Екі ғимарат бірдей болмайды, бірдей көшелер де жоқ. Әрқайсысы әр түрлі, бірақ бәрінде де оның тамаша келбеті көрініп тұрады. Екі мемлекетті жақындастыра түсетін көптеген факторлар бар", - деді Бахрейн Ханзадасы атындағы қайырымдылық қорының бас хатшысы Мұстафа Әли Мұхаммед Әл Сайед мырза кездесу соңында.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Бахрейн королдігінің арасындағы көптеген ұқсастықтар бар.

"Сіздер де мұнай бар, бізде де мұнай бар. Сіздер қонақжай халықсыздар, біз де қонақжай халықпыз. Қазақстанның Тәуелсіздік күні – 16-17 желтоқсан, Бахрейннің де Тәуелсіздік күні – 16-17 желтоқсан", - деді ол.

Мұстафа Әли Мұхаммед Әл Сайед мырза Қазақстан мен Бахрейннің Астанадағы білім беру объектісінің (мектеп) құрылысы туралы жобаның басталғаны туралы Бахрейн Ханзадасы атындағы қайырымдылық қоры осы жылдың 16-17 желтоқсанына дейін хабарлайтынын айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар