Байбек: Алматы тасымалдаушылары ақшаны күреп тапқан - Жаңалықтар | BNews

Байбек: Алматы тасымалдаушылары ақшаны күреп тапқан

21 ақпан, 12:37 824 Алматы
Байбек: Алматы тасымалдаушылары ақшаны күреп тапқан

Әкім атап өткендей, 2012 жылы Алматыдағы қоғамдық көліктерде жолаушылар ең қымбат жолақы төлеген.

Алматы әкімі тасымалдаушылардың жолақы көлемін көтеру жөніндегі өтінішіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Кейбір тасымалдаушылар жолақысын 150 теңгеге дейін көтеруді сұрап отыр. Алайда олар қызмет көрсету сапасын көтеру туралы ештеңе айтпайды. Олар Қостанайда – 100 теңге дегенді алға тартады, дегенмен олар 2012 жылы Алматыда ең жоғарғы тариф 80 теңге болғанын ұмытып кетткен-ау деймін. Яғни осыған дейін тасымалдаушылар ақшаны күреп тауып, субсидия алып отырған. Ал ол ақшаның бәрі қайда кетті. Біз жолаушы тасымалдау нарығында тәртіп енгізгеннен кейін, олар талап ете бастады. Ондай тасымалдаушылармен әңгіме басқаша болады, айыппұл салып немесе тасымалдаушыны өзгертуге дейін барамыз", - деді Бауыржан Байбек есеп беру жиналысында.

Әкім жолақы құны тасымалдаушылар қызмет сапасын көтерген кезде ғана өседі дегенді айтты.

Әкімнің айтуынша, Алматының автобус паркі 30% жаңарды. 24 бағыттағы автобустар алмастырылып, 10 жаңа бағыт енгізілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары