Байбек Алматыда екі жылда 20 жатақхана салуға уәде берді
Бауыржан Байбек Алматыда "Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының" қалай жүзеге асатынын айтты.
Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала активімен кездесу барысында Мемлекет басшысының ауқымды әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруда мегаполисте атқарылатын жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
Ол өзінің сөзінде Мемлекет басшысының елді модернизациялау бастамасы кешенді сипат алатынын және барлық салаларды қамтитынын атап өтті. Мысалы, конституциялық реформа билік тармақтарының нақтылы балансын белгіледі әрі жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуына жаңа серпіліс берді. Елімізде экономикалық модернизациялау және цифрландыру бойынша қомақты жұмыстар жүруде. Өз кезегінде, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы руханилықтың, ұлттық сананың жаңаруын қамтамасыз етті, олар ашықтық, прагматизм, білім мәдениеті, бәсекелестік принциптеріне негізделді.
"Елбасы жобалары - үнемі халықтың бұдан былайғы тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған әрі нақты, қажетті ресурстармен негізделген бағдарлама. Бес әлеуметтік бастама - Президенттің салиқалы саясатының бірі және адамға деген шынайы қамқорлықтың нақтылы көрінісі. Біздің міндетіміз аталған тапсырмаларды жедел орындауға кірісу және әрбір алматылықтың осынау ауқымды әлеуметтік жобалардың оң нәтижесін көрулеріне ықпал ету. Ол үшін бізде барлық ресурстар бар",- деді Бауыржан Байбек.
Қала әкімі мегаполис тұрғындарының саны жыл сайын артып келе жатқанын, сондықтан қолжетімді баспана салу қала билігінің негізгі міндеті екенін жеткізді. 2017 жылы құрылыс қарқыны 4 есе өсті, Алматыда кезекте тұрған әрбір үшінші адам пәтер алды. 1,9 млн кв/м тұрғын үй немесе 16,5 мың жаңа пәтер салынды. Айта кетерлігі, алдағы уақытта тағы да 1,5 млн кв/м тұрғын үй немесе 17 мыңнан астам пәтер салынады. Бұлардан өзге "Алматы жастары" әлеуметтік бағдарламасын орындау үшін жергілікті бюджеттен биыл 2 млрд теңге бөлінеді. Бағдарламаға қатысатын жас отбасылар алғашқы жарнаны төлемей-ақ 5%-дық тұрғын үй несиесін алады.
Мегаполис басшысы бүгінгі күні Алматыда 50 мыңнан астам студенттердің жатақханаға зәру екенін айтты. Осыған орай, өткен жылы 2 мың орынды 4 жатақхана салынды, ал 2020 жылға дейін тағы да 20 жатақхана салу жоспарланған.
Бүгінгі күні мегаполисте 27 мыңнан астам жас колледждерде тегін білім алуда.Елбасы тапсырмасы бойынша 2016 жылдан бастап бала бақша ақысы бюджет есебінен 2,5 есе азайды. Тұрғын үй бойынша 2 мыңнан астам қала тұрғындары әлеуметтік көмек алуда. Қала әкімдігі коммуналдық қызмет тарифтерін субсидиялауда. 2015 жылдан тарифтерді ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, ал желілерді модернизациялауға 100 млрд астам қаржы аударылды.
Бауыржан Байбек қала активімен кездесу барысында жеке сектордың жыл аяғына дейін толық газдандырылатынын, 2021 жылы Алматы агломерация аумағындағы 4 мың жеке үйлердің газға қосылатынын жеткізді. Елбасының тапсырмасы бойынша ТЭЦ-2 газға көшіріледі, энергетика министрлігінің есебі бойынша соның арқасында ТЭЦ-тің ауаға шығаратын залалы 30 есе азаяды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Байбек "Сайран" автовокзалын тарихи ескерткіштер тізіміне енгізуді тапсырды
-
Алматы әкімі вокзал алдындағы көлік қозғалысы сызбасын қайта қарауды тапсырды
-
Алматыда биылғы жылы бірқатар ірі өндіріс нысандары салынады
-
Премьер-министр Атыраудағы бірегей көпір құрылысымен танысты
-
Сағынтаевқа Атырау облысындағы студенттік жатақханалар құрылысының жобалары таныстырылды
-
Алматыда студенттерге 6000 жатақхана орны жетіспейді – Бауыржан Байбек
-
Алматы әкімі қаланың тарихи орталығын жаңартуды тапсырды
-
Байбек өртенген көпқабатты үй тұрғындарына көмек көрсетуді тапсырды
Ұсынамыз
-
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды
09:25
286
-
Канадада зардап шеккендердің қатарында қазақстандықтардың бар-жоғы анықталып жатыр
10:02
269
-
Головкин мен Мартиросян көз түйістіру рәсімін өткізді
10:35
266
-
Мейрам күндері Астанада көлік қозғалысы шектеледі
09:52
262
-
Павлодарда теле- және радиотарату уақытша тоқтатылады
11:08
205
-
Ақтөбеде 10 жасар қыз сабақ үстінде қайтыс болды
19 сәуір, 13:02
3147
-
Головкин - Альварес реваншы қашан өтетіні белгілі болды
19 сәуір, 11:15
3125
-
Нобель сыйлығының иегері, түркиялық профессор Түркістанда студенттерге кеңес берді
19 сәуір, 18:15
3108
-
Анатолий Смолин Жоғарғы сот судьясы болып қайта тағайындалды
19 сәуір, 11:37
3084
-
Алматыда 157 көше жөнделеді
19 сәуір, 12:27
3074
-
Сағынтаевқа Атырау облысындағы студенттік жатақханалар құрылысының жобалары таныстырылды
13 сәуір, 16:10
3695
-
Астанада Ұлттық музейде "Рухани жаңғыру" көрмесінің ашылуы өтті
13 сәуір, 18:26
3630
-
Назарбаев Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
12 сәуір, 18:09
3619
-
Алматыда биылғы жылы бірқатар ірі өндіріс нысандары салынады
13 сәуір, 17:35
3616
-
Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуы тиіс – Назарбаев
12 сәуір, 18:57
3615