Байбек өртенген көпқабатты үй тұрғындарына көмек көрсетуді тапсырды

6 Апреля, 2018, 12:53 3561
Байбек өртенген көпқабатты үй тұрғындарына көмек көрсетуді тапсырды |  | BNews.kz

Қала әкімі Көкжиек ықшам ауданындағы көппәтерлі үйді қысқа уақыт ішінде қалпына келтіруге нұсқау берді.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың барлық тиісті қызметіне "Көкжитектегі" көппәтерлі үйді өрттен кейін барынша қысқа мерзімде қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді, сонымен қатар тұрғындарды уақытша орналастыруға және олардың мүліктерінің сақталуын қамтамасыз етуге көмектесуді тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz.

Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаланың құтқару қызметінің және Жетісу ауданы әкімдігінің күшімен №177 мектепте штаб құрылып, мұнда жатын орындар және ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған.

Қазіргі кезде үйдегі электроэнергия, газ және басқа коммуникациялар ажыратылған. Полиция үйді күзетке алған.

Ертеңнен бастап өрт шығынының көлемін анықтайтын комиссия тексеруді бастайды. Өрттің не себепті болғанын анықтайтын тиісті өрт-техникалық сараптама нәтижесінен соң ғана үй қалпына келтірілуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 5 сәуірде Алматыда Көкжиек ықшамауданындағы көппәтерлі үй отқа оранып, 300 адам эвакуацияланған еді.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13933

Похожие новости