«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз МС-06» ТБК сәтті ұшырылды - Жаңалықтар | BNews

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз МС-06» ТБК сәтті ұшырылды

13 қыркүйек, 10:42 283 Қызылорда облысы
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз МС-06» ТБК сәтті ұшырылды

   Астана уақыты бойынша сағат 03:17-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-ФГ» зымыран тасығышпен «Союз МС-06» транспорттық басқарылатын кемесінің ұшырылуы сәтті өтті, деп хабарлайды Вnews.kz.

Халықаралық ғарыш стансасына кезекті ұзақ мерзімді экспедициямен баратын экипажы бар «Союз МС-06» ТБК-нің ұшырымы «Байқоңыр» ғарыш айлағының «Гагарин стартынан» (№ 1 алаңы) жүзеге асырылды және штаттық режимде өтті.

Экипаждың құрамына Роскосмостың ғарышкері Александр Мисуркин (ТБК командирі), «NASA» астронавттары Марк Ванде Хай (бортинженер) мен Джозеф Акаба (бортинженер) кіреді.

«Союз МС-06» ТБК-нің ұшырымы ХҒС-тың ұшу бағдарламасына сәйкес жоспарланған. Ұшудың жоспарланып отырған ұзақтығы 167 тәулікті құрайды.

Экспедицияның мақсаттарына ресейлік пен американдық жүк кемелермен жұмыс істеу, кемеден тыс қызметі бойынша жұмыс атқару (ашық ғарышқа шығу), стансаның жұмыс қабілеттілігін сақтау, фото және бейне түсірілімдерді жүргізу, сондай-ақ ғылыми-қолданбалы зерттеулерді (барлығы 56 ғылыми тәжірибе) орындау кіреді.

Атап кету жөн, жақын арада адамзаттың ғарыштық дәуірінің басталуын белгілеген «Байқоңыр» ғарыш айлағынан дүние жүзіндегі ең тұңғыш Жердің жасанды серігінің ұшырылғанына 60 жыл толады.

Осы айтулы күннің қарсаңында, Аэроғарыш комитеті (Қазғарыш) төрағасының орынбасары Ғалымжан Данбаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының, сондай-ақ бүкіл отандық ғарыш қызметінің Қазақстан үшін жоғары маңыздылығын туралы айтып берді.

«Озық технологиялардың дамуы, цифровизация, киберқауіпсіздік, жаңа индустриялардың құрылуы секілді Елбасы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» Жолдауында айтқан мәселелер қазақстандық ғарыштық қызметінің дамуымен тығыз байланысты»,- атап өтті Ғ. Данбаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!