Байқоңырда еліміздің білім стандартына сәйкес келетін 3 балабақша салынады

Написать нам
12 қазан, 2018, 09:29 388 Қызылорда облысы
Байқоңырда еліміздің білім стандартына сәйкес келетін 3 балабақша салынады

Байқоңырда қызмет етіп тұрған 13 балабақшаның небәрі 1-еуі ғана қазақстандық білім стандарты бойынша жұмыс жасайды.

Мектеп жасына дейінгі балалар білім ошағына дайын болуы үшін білім мен тәрбие қазақстандық стандарт бойынша берілуі тиіс.

«Қазір Байқоңыр қаласында біздің еліміздің білім стандарттарымен жұмыс істейтін 8 орта мектеп бар. Онда сабақтар қазақша жүргізіледі. Жалпы Байқоңырда 1500 қазақстандық бала Ресей стандарты бойынша білім алып келеді. Қазіргі кезде оларды қазақстандық білім беру жүйесіне көшіру жоспарланып отыр», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова.

Қазіргі таңда Байқоңырда 600 орындық жаңа мектеп салу немесе тағы бір мектепті қазақстандық стандартқа көшіру туралы ұсыныс дайындалуда. Ол үкіметаралық келісімдер аясында шешіледі

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!