Байқоңырда ер азаматтар әйелдер үшін ерекше құттықтау ойлап тапты - Жаңалықтар | BNews

Байқоңырда ер азаматтар әйелдер үшін ерекше құттықтау ойлап тапты

09 наурыз, 2018, 18:05 1063 Қызылорда облысы
Байқоңырда ер азаматтар әйелдер үшін ерекше құттықтау ойлап тапты

ЖҒИПО қызметкерлері ғарыштан құттықтау жолдады.

Байқоңыр ғарыш айлағында ер адамдар әйелдерге ерекше құттықтау жолдады, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ғарыш айлағының бұрынғы әскери штабы, қазір Байқоңырдағы Роскосмос негізгі кәсіпорындарының бірі - Жерде ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығының (ЖҒИПО) орталық кеңсесі орналасқан қаладағы орталық алаңда 8 наурыз қарсаңында қара түсті автомобильдердің көмегімен құттықтау жасалған.

Барлық әйелдерге арналған тосын сыйды ЖҒИПО қызметкерлері дайындаған болып шықты. 8 наурыз күні және мерекелік демалыс күндері Байқоңыр әйелдері осындай бірегей құттықтауды алып жатыр.

"Біз бұл роликті барлық әйелдердің, әсіресе Байқоңырды өзіне қымбат санайтын нәзік жандардың ғарыш айлағындағы арнауды көруі үшін youtube желісіне жарияладық", - деді құттықтауды ұйымдастырушылар.

Байқоңыр қаласында мейрамға орай көптеген мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар