Байқоңырда француз кинокомпаниясы ғарышкер әйел туралы фильм түсіріп жатыр - Жаңалықтар | BNews

Байқоңырда француз кинокомпаниясы ғарышкер әйел туралы фильм түсіріп жатыр

01 мамыр, 12:37 1589 Астана
Байқоңырда француз кинокомпаниясы ғарышкер әйел туралы фильм түсіріп жатыр

PROXIMA деп жұмыс атауы берілген фильмде басты рөлді танымал француз актрисасы Ева Грин сомдап жатыр.

Байқоңырда "Тандем продакшн" ресейлік кинокомпаниясы мен "Дхарамсала" француз кинокомпаниясы бірлесе ғарышкер әйел туралы фильм түсіріп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Байқоңыр қаласы әкімшілігі баспасөз қызметі басшысының айтуынша, кинокомпания өкілдері бір апта бойы "Байқоңыр" ғарыш кешенінде жұмыс істеген. PROXIMA жұмыс атауы берілген фильмге "Казино Рояль" киносындағы рөлдері арқылы танымал болған  француз актрисасы Ева Грин, сондай-ақ оның америкалық әріптесі Мэтт Диллон түсіп жатыр.

Режиссер Элис Винокурдің жаңа картинасы ғарышкерлерге арналады. Ева Грин ғарышкер әйелдің рөлін сомдамақ. Белгілі болғандай, фильмнің түсірілімі Мәскеу маңындағы Звездный қалашығында өткен. Кейіпкер ол жерде ұшуға дайындық жұмыстарын жүргізіп, кішкентай қызымен ұзақ уақытқа айырылысуға өзін-өзі іштей дайындайды.

"Бұл "өз өмірінен де маңызды мақсат үшін қорқыныш пен ауруды жеңу туралы оқиға" болмақ", - деп келтіреді БАҚ режиссердің сөзін.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары