Байланыс құралын тіркеуден өткізбеген азаматтарға жаңа жылдан бастап қызмет көрсетілмейді - Жаңалықтар | BNews

Байланыс құралын тіркеуден өткізбеген азаматтарға жаңа жылдан бастап қызмет көрсетілмейді

Написать нам
23 қазан, 2018, 16:27 1670 Астана
Байланыс құралын тіркеуден өткізбеген азаматтарға жаңа жылдан бастап қызмет көрсетілмейді

Азаматтар ұялы телефондарының IMEI-коды мен сим-картасын және өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін тіркетуі қажет.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалардың абоненттік құрылғыларын міндетті түрде тіркеу тәртібі қолданысқа енеді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азаматтар ұялы телефондарының IMEI-коды мен сим-картасын және өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін тіркетуі қажет. Тіркелмеген абоненттерге байланыс қызметі көрсетілмейді. Осыған байланысты, азаматтар байланыс құралдарын жылдың аяғына дейін тіркеуден өткізуі керек", - делінген таратылған баспасөз хабарламасында.

Ведомствода азаматтарға абоненттік құрылғыларын ертерек тіркеуге кеңес берді.

"Ұялы байланыс филиалдарында қарбалас туғызбас үшін ертерек тіркелу туралы кеңес береміз. Бұл бірінші кезекте азаматтардың мүддесін қорғау үшін жасалып жатқан шара. Егер тіркелген телефон ұрланған жағдайда, оны байланыс операторлары бұғаттай алады. Ол үшін IMEI-код базада ұрланғандар тізімінде болуы тиіс", - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар