"Бәйтерек" холдингінің жаңа басқарушы директоры тағайындалды - Жаңалықтар | BNews

"Бәйтерек" холдингінің жаңа басқарушы директоры тағайындалды

02 ақпан, 12:27 1693 Астана

Жаңа лауазымға Нұржан Нұрланов тағайындалды.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасының шешімімен Нұржан Нұрланов "Бәйтерек" холдингінің басқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұржан Нұрланов American InterContinental University (Ұлыбритания, бизнес-әкімшілендіру бакалавры), University of Wales (Ұлыбритания, маркетинг магистрі), Қ.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін (Қазақстан, мұнай-газ ісінің техникасы мен технологиясының бакалавры) тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

2011 жылдан бастап "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ-да менеджер, Инвестициялық ынтымақтастық департаментінің директоры, Өңірлік ынтымақтастық қызметінің басқарушы директоры лауазымдарында болды.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі өңірлік даму бөлімінің сарапшысы (2012-2013), "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қаржы жөніндегі басқарушы директоры (2013-2014), "ҚазТрансГаз" АҚ газ маркетингі жөніндегі басқарушы директоры (2014-2016), "ҚазТрансГаз" АҚ Техникалық саясат жөніндегі бас директордың орынбасары, Басқарма мүшесі  (2014-2016) қызметтерін атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, "Бәйтерек" холдингінің басқарушы директоры қызметін осыған дейін атқарған Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР инвестициялар және даму вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары