Бақыт Сұлтанов Астана мен Израиль ынтымақтастығының әлеуетті бағыттарын атады

17 қаңтар, 2019, 12:38 3041
Бақыт Сұлтанов Астана мен Израиль ынтымақтастығының әлеуетті бағыттарын атады

Астана әкімі елші мен Израильдің ресми және іскери ортасының өкілдерін күзде Астанада өтетін Дүниежүзілік туризм ұйымының (UNWTO) қалалық туризм жөніндегі жа­һандық саммитіне қатысуға шақырды.

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Израильдің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Лиат Вексельман ханыммен кездесті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайтында.  

Елорда әкімі Қазақстан мен Израиль арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтіп, екі елдің қаланы дамыту мәселелері бойынша өзара тәжірибе алмасуының маңыздылығына тоқталды. Бақыт Сұлтановтың айтуынша, өзара ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарына инновациялық даму, медицина, білім беру, туризм, су ресурстарын пайдалану және әлеуметтік-мәдени байланыстарды нығайту жатады.

Астана әкімі, сондай-ақ елші мен Израильдің ресми және іскери ортасының өкілдерін 2019 жылдың қазанында Астанада өтетін Дүниежүзілік туризм ұйымының (UNWTO) қалалық туризм жөніндегі жа­һандық саммитіне қатысуға шақырды.

Израиль елшісі өз кезегінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосуға, түрлі салаларда тәжірибе алмасу шараларын жүргізуді жалғастыруға дайын екендігін жеткізді. Лиат Вексельман Бақыт Сұлтановқа Қазақстан мен Израиль арасындағы қарым-қатынасты нығайту ісіне қосып жатқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Бақыт Сұлтанов #елші #ынтымақтастық

Читайте также

Похожие новости