Бақыт Сұлтанов астаналықтар мен қала қонақтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады 

16 желтоқсан, 2018, 12:49 2515
 Бақыт Сұлтанов астаналықтар мен қала қонақтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады 

Қала әкімі Астана тұрғындарына зор денсаулық, бақ-береке және игі бастамаларына толағай табыстар тіледі.

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қала тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құрметті астаналықтар және қала қонақтары! Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміз тарихи дамудың жаңа белесіне көтерілді. Қазақстан серпінді дамыған ел ретінде халықаралық қауымдастықтың толыққанды беделді мүшесі болды. Бұл жетістіктерге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен, қазақстандықтардың қажырлы күш-жігері және тынымсыз еңбегінің арқасында қол жеткіздік", - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Бас қала әкімінің айтуынша, заманауи Қазақстан – біздің ұлы мақтанышымыз, ал, біздің терең тарихымыз – халқымыздың ғасырлар бойғы азаттық пен теңдік үшін күресінің ұлы жылнамасы.

"Осынау ұлық мерекеде барша астаналықтарға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық және игі бастамаларыңызға толағай табыстар тілеймін!", - деп тілек білдірді қала әкімі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Бақыт Сұлтанов #әкім #Тәуелсіздік күні #құттықтау

Читайте также

Похожие новости