Бақыт Сұлтанов Тұңғыш Президент күні туылған балаларды құттықтады 

01 желтоқсан, 2018, 18:51 2923 Астана
Бақыт Сұлтанов Тұңғыш Президент күні туылған балаларды құттықтады 

Сондай-ақ, Астана әкіміне жаңа диагностикалық орталықтың жобасы таныстырылды.

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов №2 қалалық көпбейінді ауруханадағы Тұңғыш Президент күні дүние есігін ашқан нәрестелер мен олардың аналарын құттықтап, жас аналарға гүл шоқтары, серуенге арналған арба мен нәрестелерге арналған бұйымдарды сыйға тартты, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Балаларыңыз лайықты азамат болып өсіп, барлығымызды қуанта берсін. Олар ерекше күні дүниеге келді – Тұңғыш Президент күні. Олардың бәрі де болашақта Отанымыздың атын шығаратын азаматтар болсын", - деп құттықтады жас аналарды Бақыт Сұлтанов. 

1 желтоқсанда таңертең №2 қалалық көпбейінді ауруханада алты бала дүние есігін ашты. Олардың үшеуі – ұл, үшеуі – қыз. Жаңа туған сәбилердің де, аналардың да жағдайлары қалыпты.

Мерекелік акция барысында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров, бас дәрігер Иван Ли Астана әкіміне екі емдеу мекемесінің арасын дағы диагностикалық орталықтың қабылдау бөлімін ашуға қатысты жобаны таныстырды.  

"Бұл халықаралық стандарттарға сай қабылдау бөлімін ашу үшін жасалып жатыр. Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығына қарамасытан науқасты  бір емханадан екіншісіне еш кедергісіз тасымалдауға үшін екі емхана арасында "әуе" өтпелі жасалатын болады. Қазір бұл жоба әзірлену үстінде. Осындай орталықтарды ашуға қатысты халықаралық тәжірибені зерттей келе, аталған жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров. 

Осы жылдың күзінде №2 қалалық көпбейінді аурухана №1 перинаталды орталықпен біріктірілген болатын. №2 қалалық көпбейінді аурухананың бас дәрігері Иван Ли медициналық орталықтарды біріктірудің оң нәтижесін атап өтті. 

"Қала әкімдігінің қаулысымен алғаш рет соңғы екі айда біз көпбейінді аурухана мен перзентхананы біріктіріп көрдік. Бірден жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Екі ай ішінде біз күрделі патологиясы бар 20 шақты әйелді емдедік", - деп бөлісті Иван Ли. 

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында белгілі болғандай, бүгін мерекелік акция Астананың барлық перинаталды орталықтарында өтіп жатыр.

Жас аналарға гүл сыйлап, серуенге арналған арба мен отандық кәсіпкерлер шығарған нәрестеге қажетті бұйымдар тарту етілді. Жиынтықтың құрамына кіретін заттар: жұмсақ түкті көрпе, жаялық, жейде, бас киім, киім-кешек, ыдыс. Астананың 20 жылдығына орай жаңа туған балалардың барлығына жиынтық үлестіріледі. Аталмыш акция жыл соңына дейін жалғасады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар