Бақыт Сұлтанов: Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттің сенімді серіктесі

24 қазан, 2018, 17:29 1586 Астана
Бақыт Сұлтанов: Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттің сенімді серіктесі

Қазіргі таңда Астана әкімдігі 30 ҮЕҰ-мен бірлесіп 463 млн теңгенің сомасында әлеуметтік маңызы бар 66 ірі жобаны іске асыруда.

Астана әкімдігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығын құруды жоспарлауда, ол коворкинг-орталығы форматында жұмыс істейді және барлық ҮЕҰ үшін қолжетімді болмақ, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде тиімді азаматтық қоғам мен мемлекеттің әріптестігінің шартын қалалық VIII Азаматтық форумда талқылады.

Форумды Астана әкімдігі, қоғамдық даму істері басқармасы және "НКО-Астана форумы" ЗТБ ұйымдастырды. Форумның жұмысына Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов, қоғамдық даму министрі Дархан Калетаев, Парламент және қалалық мәслихат депутаттары, қалалық мемлекеттік органдардың басшылары, ҮЕҰ өкілдері, саяси партиялар қатысты. Қала әкімі Бақыт Сұлтанов ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жүргізілген реформалардың басты міндеті барлық қазақстандықтардың тұрмысын жақсартуға, ортақ мақсатта барлық қоғамның бірігуі маңызды екенін іске асыру, оның ішінде үкіметтік емес секторларды да айта кетті.

Қазіргі таңда Астана әкімдігі 30 ҮЕҰ-мен бірлесіп 463 млн теңгенің сомасында әлеуметтік маңызы бар 66 ірі жобаны іске асыруда. Мәселен, "Астана – адалдық алаңы" жобасы аясында білім басқармасының қызметіне талдау жүргізу және ведомствоға қарасты ұйымдарға ҮЕҰ өкілдері мен ата-аналар бірлестігінің қатысуымен мониторингтер ұйымдастырылды.

"Қарсы" жастар ұйымының өкілдерімен бірге жастар арасында жемқорлыққа қарсы түсінік қалыптастыру жобасы іске асырылуда. Сондай-ақ, мектепте басқа да бұзушылықтарға әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Бірнеше ҮЕҰ халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар нақты жобаларды жүзеге асыруда. Мысалы, "Құқық" қоғамдық қорының кризис орталығын құру туралы тәжірибесін өте пайдалы деп айтуға болады. Орталық шеңберінде девиантты мінез-құлық белгілері бар кәмелет жасына толмағандарды әлеуметке бейімдеудің тиімді жүйесі құрылды.

"Бүгінде біз үкіметтік емес ұйымдарды Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму институттары ғана емес, мемлекеттің де сенімді серіктесі деп сеніммен айта аламыз. Олар өздеріне көптеген әлеуметтік функцияларды жүктеу арқылы әлеуметтік саладағы түрлі мәселелердің шешім табуына үлкен үлестерін қосып жатыр, оның ішінде цифрландыру сияқты маңызды бағыттар бар, басты мақсаты елдегі адам капиталын дамыту", – деді Астана әкімі Бақыт Сұлтанов.

Осыған байланысты әкім азаматтық қоғамның дамуы үшін және үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қажеттінің барлығын ұсыну керектігін айтып өтті. Ол үшін әкімдік азаматтық бастамаларды қолдау орталығын құруды жоспарлап отыр. Орталық коворкинг-орталық форматында жұмыс істейді және барлық ҮЕҰ үшін қолжетімді болуы тиіс.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар