Бақытжан Сағынтаев General Electric компаниясының өкілдерімен кездесті

13 қараша, 2017, 14:18 1235 Астана
Бақытжан Сағынтаев General Electric компаниясының өкілдерімен кездесті

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев цифрлық технологиялар жөніндегі вице-президент Уилиям Ру басшылық еткен General Electric компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында компаниямен ел экономикасының түрлі саласында цифрландыру бойынша перспективалы инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, General Electric — өнеркәсіп пен цифрлық технологиялар бойынша әлемдік көшбасшы. Компания Қазақстанда көптеген жылдар бойы көліктік машина жасау, энергетика, денсаулық сақтау, авиация, сондай-ақ, мұнай-газ салаларында қызмет көрсетуде.

Қазіргі таңда GE «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «ҚТЖ», «ҚазМұнайГаз», Air Astana, Kaz Minerals және ERG-мен серіктестікте маңызды инфрақұрылымдық міндеттерді шешуге қатысып жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар