Сағынтаев халықтың өзін-өзі жұмыспен қамту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

15 қараша, 2017, 11:42 2071 Астана
Сағынтаев халықтың өзін-өзі жұмыспен қамту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Кеңес барысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Өзін-өзі жұмыспен қамтудың жол картасын» таныстырды деп хабарлады primeminister.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген, 2018-2019 жылдарға арналған Ұйымдастыру шараларының аталған жоспары бейресми жұмыспен қамтылған халықты ел экономикасына жүйелі әрі тікелей тарту шараларын, оларға еңбек нарығында мүмкіндіктер жасауды қарастырады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелеріне қатыстыру, сондай-ақ, қызметтердің жұмысын цифрландыру және ақпараттық жүйелерді біріктіруге қатысты мәселелер пысықталды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар