Бақытжан Сағынтаев Семей әуежайының қайта құру жұмыстарымен танысты

17 наурыз, 2017, 10:28 606
Бақытжан Сағынтаев Семей әуежайының қайта құру жұмыстарымен танысты

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ШҚО-ға жұмыс сапары аясында Семей қаласына барды, деп хабарлайды BNews.kz

 

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Б.Сағынтаев Семей қаласының Халықаралық әуежайы мен ЖЭО-1 қайта құру жұмыстарын тексереді, «Назарбаев зияткерлік мектебінің» бөлімшесіне барады, сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында қала жұртшылығымен кездесу өткізеді.
Жұмыс сапары барысында Премьер-министр ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының аймақтағы ірі өнеркәсіптік-индустриалдық және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, денсаулық сақтау және білім беру нысандарында жүзеге асырылу барысымен танысады.
Кеше Б.Сағынтаев Ақтоғай тау-кен байыту комбинатында, Өскемен арматура зауытында, Үлбі металлургия зауытында, майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығында, көз микрохирургиясы емханасына және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне барды.
Сондай-ақ, ҚР Премьер-министрі облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының жетекшілерімен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Шығыс Қазақстан облысы

Читайте также

Похожие новости