"Балаларға базарлық" балаларға жол тартты

Написать нам
30 қазан, 2018, 13:51 1128 Қызылорда облысы

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Оразбай Қосановтың «Балаларға базарлық» кітабының тұсаукесері өткізілді

Шараға ақынның «Бозторғай» өлеңінің әнін жазған облысқа белгілі композитор Аққошқар Сералиев, «Сыр өрені» балабақшасының бүлдіршіндері мен тәрбиешілері, №7 мектеп-лицейдің, №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Кітап балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тіліне, ой-өріс қиялына, тез түсініп, жеңіл қабылдауларына лайықталып жазылған. Ұлтымыздың бояуы мол дана тілімен қанықтырылып, түрлі-түсті суреттермен көркемделген.

Шараға қатысқан балалар ақын Оразбай Қосановтың адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ата-ананы, үлкендерді сыйлап, табиғатты танып, қорғай білуге шақырған өлеңдерін жатқа оқыды. Мың бұралған би мен әсем ән орындады. Оразбай Қосановтың немерелері аталарына өз құттықтауын арнап, әннен шашу шашты.

Шара барысында «Бала тілін тапқан ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған бейнекөрсетілім көптің назарына ұсынылды

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!