Балқаш көлінде үш балықшы құтқарылды

14 Января, 2019, 17:45 1812
Балқаш көлінде үш балықшы құтқарылды |  | BNews.kz

Құтқарылғандар мұз үстімен жүріп, жолды қысқартпақ болған.

13 қаңтар күні сағат 16:55-те Балқаш көлінде жағадан 15-20 шақырым жерде мұз ішінде көлігі сынып, тұрып қалған жүргізуші мен екі балықшы құтқарылды, деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы.

Іздестіру ауданына "Хивус" әуе жастығында катер-амфибиядағы құтқарушылар тобы шықты. Сағат 18:30-да адамдар анықталып, бортқа алынды. Құтқарылғандар кәсіпке шығып, мұз үстімен жүріп, жолды қысқартуды шешкен балықшылар болып шықты.

Құтқарушылар жабдықталмаған жерлерде көліктерде мұзға шығу қауіптілігін еске салады және тек жабдықталған өткелдерді пайдалануды ұсынады.

"Есіңізде болсын, ресми ұйымдастырылған өткелден тыс жерде ешкім мұздың қауіпсіз қалыңдығына, жарықтың болмауына және тағы басқа кепілдік бере алмайды. Мұзда қауіпсіз болу үшін оның қалыңдығы бір адам үшін кемінде 6-7 см, адамдар тобы үшін 20-25 см, ал жеңіл автокөлік үшін 25-30 см болуы керек", - деп ескертті департаментте.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13929

Похожие новости