Балқашта жас қыз бесінші қабаттан құлап, аман қалды - Жаңалықтар | BNews

Балқашта жас қыз бесінші қабаттан құлап, аман қалды

03 наурыз, 17:58 2473 Қарағанды облысы
Балқашта жас қыз бесінші қабаттан құлап, аман қалды

Қазір ол аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Балқашта 5-қабат терезесінен құлаған қыз аман қалды, деп хабарлады BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"28 ақпан күні Балқаштың орталық аурханасына жағдайы өте ауыр қыз жеткізілді. Бас миы шайқалған, аяғы мен қолы сынып, өкпесі жарылған. Шұғыл травматолог, нейрохирург, хирург және өзе де мамандардан мультидициплинарлық команда жасақталды. Нейрохирург, хирург және травматолог бір мезетте өздерінің бағыттары бойынша ота жасады", - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Басқарма баспасөз хатшысы Айжан Исаның айтуынша, қазіргі уақытта қыздың жағдайы бірқалыпты. Бұған қоса, дәрігерлер оның жарақаттары мүгедектікке апарып соқпайды деп үміттеніп отыр. 

"Қыз әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Бастапқыда ол жасанды жолдармен тыныс алған еді. Қазір жасанды тыныс алу аппараты ажыратылды. Яғни, қыз өз бетінше дем ала алады. Пациенттің жағдайы өте ауыр, бірақ бірқалыпты деп бағаланады. Оң өзгерістер бар", - деді Айжан Иса.

Сонымен қатар, ол Балқаш ауруханасы дәрігерлерінің біліктілігі өте жоғары екендігін, қызды өлім ауызынан алып қалғанын баса айтты.

"Балқаш орталық ауруханасы дәрігерлерінің біліктілігі жоғары екендігін атап өткім келеді. Бұрындары мұндай жарақатпен адамдар өліп кететін. Ал қазір аурухана дәрігерлерінің деңгейі жоғарлады, аталған операциялардың барлығы да сол жерде жасалуда", - деді Айжан Иса.

Ұқсас жаңалықтар