Бас прокуратурада бірқатар тағайындаулар болды

09 тамыз, 2018, 19:23 3071 Астана
Бас прокуратурада бірқатар тағайындаулар болды

Барлық прокурорлар облыс прокуроры лауазымына арналған Президенттік резервте тұрған.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында бірқатар тағайындаулар орын алды, деп хабарлайды BNews.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы келісімімен, Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың бұйрығына сәйкес, бас көлік прокуроры лауазымына М.К. Дүйсенов тағайындалды. Шымкент қаласының прокуроры М.А. Қожабаев болды. Түркістан облысы прокуроры лауазымына Н.М. Әбдіров, Маңғыстау облысының прокуроры лауазымына Е.М. Абаев тағайындалды. Прокурорлардың барлығы облыс прокуроры лауазымына арналған Президенттік резервте тұрған. 

М.К. Дүйсенов 1973 жылы туған. 

2013-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің сектор меңгерушісі лауазымында қызмет етті.

2016-2018 жылдарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары болды.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап Бас әскери прокурордың орынбасары.

"Құрмет" және ІІ дәрежелі "Айбын" ордендерімен марапатталған.

М.А. Қожабаев 1974 жылы туған. Прокуратура органдарында 1997 жылдан бастап қызмет етіп келеді.

Әртүрлі жылдары аудан прокуроры және Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласы прокурорының орынбасары лауазымында болды.

2012-2017 жылдар аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл қызметінде Жамбыл және Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы қосқан елеулі үлесі үшін Мемлекет басшысынң Жарлығымен "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Н.М. Әбдіров 1967 жылы туған. Прокуратура органдарында 1991 жылдан бастап еңбек етеді.

Қарағанды облысында аудан прокуроры, Астана мен Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары лауазымдарында болды.

2009-2012 жылдары Бас прокуратураның бірқатар Департаменттерін басқарды.

2012-2017 жылдары аралығында Ақтөбе облысының прокуроры болды.

2017 жылдың тамыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы, прокурорлық қадағалауды жетілдірудегі қосқан елеулі үлесі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Е.М. Абаев 1969 жылы туған. Прокуратура органдарында 1992 жылдан бастап қызмет етеді.

Павлодар облысы прокуратурасында аса маңызды істер бойынша тергеуші, Павлодар облысы Ертіс, Успен аудандарының прокуроры, Астана қаласының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Басқарма бастығы болды.

2016 - 2017 жылдар аралығында Департамент бастығының орынбасары, Бас прокуратураның Департамент бастығы қызметтерін атқарды.

2018 жылдың шілде айынан Маңғыстау облысы прокуроры қызметін уақытша атқарды.

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар