Бас прокурор мен БАӘ елшісі құқықтық ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады - Жаңалықтар | BNews

Бас прокурор мен БАӘ елшісі құқықтық ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады

08 ақпан, 19:17 1615 Астана
Бас прокурор мен БАӘ елшісі құқықтық ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады

Бас прокурор Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісімен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Төтенше Елшісі Мохаммад Ахмад Әл-Жабер мырзамен кездесуі өтті.

Тараптар екіжақты құқықтық ынтымақтастықты нығайту, сонымен қатар шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады.

Қазіргі таңда қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және экстрадициялау туралы бұрын қол қойылған келісімдер барынша тиімді жүзеге асырылуда.

Сотталғандарды беру туралы шартқа қол қою – ҚР мен БАӘ арасындағы қылмыстық-құқықтық салада толыққанды халықаралық құжаттар пакетін қалыптастырады. Аталмыш құжат сотталған азаматтарға жазаларын өз отанында өтеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, шетелдік әріптестермен терроризм және экстремизммен күресу, ұрланған активтерді қайтару және іздеуде жүрген қылмыскерлерді экстрадициялау жөніндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Бас прокурор қазақстандық прокуратураның құқықтық ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша конструктивті диалог үшін ашықтығын және өзара іс-қимылды тереңдете түсуге дайын екенін атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары