"Баспана Хит" бағдарламасы бойынша 730 миллион теңгенің өтінімі қабылданды

27 қараша, 2018, 13:04 1680

Оның ішінде сомасы 257 миллион теңге болатын 30 өтінім мақұлданды.

80 қазақстандық "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша кредит алуға өтінім жасады, деп хабарлайды BNews.kz "Баспана" Ипотекалық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде сомасы 257 миллион теңге болатын 30 өтінім мақұлданды. Мақұлданған 30 өтінімнің 14-ін Астана тұрғындары берген. Қазақстан бойынша ипотекалық кредиттің орташа сомасы 8,5 млн теңгені құраса6 Астана қаласы бойынша орташа сома 11 млн теңге шамасында.

"Баспана Хит" азаматтарға 11% жылдық үстемемен бұған дейін қолданыста болған үйлерді алуға мүмкіндік береді (пайыз мөлшерлемесі Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне тәуелді). Дәл қазіргі уақытта барлық өтінімдер "Цеснабанк" АҚ тарапынан қабылданып, мақұлданды", - делінген хабарламада.

Бүгінгі күннен бастап "Қазақстан халық банкі" АҚ "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауға кірісті. Сондай-ақ, алдағы желтоқсан айында бағдарламаға Еуразиялық банк, ЦентрКредит банкі, Forte Bank, Bank RBK және Сбербанк қосылады. Сбербанк сонымен бірге "7-20-25" және "Баспана Хит" ипотекалық бағдарламаларын бір уақытта іске қоспақ. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар