Батысқазақстандық прокуратура қызметкерлері мұғалімдердің құқын қорғады

15 қазан, 2018, 16:45 1816
Батысқазақстандық прокуратура қызметкерлері мұғалімдердің құқын қорғады

Прокурорлық қадағалау актісімен аудандық білім беру бөлімінің басшысы мен есепшілері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мұғалімдерге 2,8 млн теңге қосымша ақы төленді.

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы прокуратурасы бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесін реттейтін Үкімет Қаулысына қайшы 2 жыл бойына ауданның педагогтарына еңбекақы мөлшері қате есептеліп келгенін анықтады, деп хабарлайды BNews.kz ҚР БҚО прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, іс-сапарға жіберілген және еңбекке уақытша қабілетсіз мұғалімдердің қызметін атқарған тұлғаларға қосымша ақы төленбеген.

Мысалы, Бабажанов атындағы мектептің бастауыш сынып мұғаліміне 12 күн жұмыста уақытша болмаған қызметкерлерді ауыстырғаны үшін 71 мың. теңге қосымша ақы төленбеген.

Талдаумен 11 мектептің 361 мұғаліміне қатысты бұзушылық анықталды. Прокурорлық қадағалау актісімен аудандық білім беру бөлімінің басшысы мен есепшілері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, мұғалімдерге 2,8 млн. теңге қосымша ақы төленді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Батыс Қазақстан облысы #мұғалімдер #жалақы #тексеріс

Читайте также

Похожие новости