Бауыржан Байбек өзгертілген "Алматы-1" теміржол вокзалының айналасын аралап көрді

11 қазан, 2018, 16:31 3092 Алматы
Бауыржан Байбек өзгертілген

Мегаполис басшысы Елбасының Жолдауында қалаларда тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігі атап өтілген айтты.

Жұмыс сапары кезінде Түрксіб ауданын аралаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек реконструкцияланған "Алматы-1" теміржол вокзалының айналасын және вокзал алдындағы көлік қозғалысын ұйымдастырудың сызбасын көрді, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вокзалдың алдындағы жаңарған алаңға бұрынғы ескі асфальттың орнына тротуар плиткасы төселген, жасыл желек аумағы кеңейген, 40-тан астам ағаш отырғызылған. Кіші пішінді архитектуралық формалар қойылып, Әліби Жангелдин ескерткішінің сырты жаңарған.

Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында видеобақылау камералары қойылған.

Теміржол вокзалының тура алдына қоғамдық көлікке басымдық беретін қондырғылар орнатылған, өтпелі жолдарда қауіпсіздік қатаң сакқталған. Жақын арада заманауи форматтағы бекет кешендері орнатылады.

Алматы әкімі Мемлекет басшысының туризм және көлік-логистикалық қызмет секторын дамытуға айрықша назар аударатынын атап өтті. Биыл қалада "Алматы-1" және "Алматы-2" теміржол вокзалдарының айналасы қайта жаңарды, енді біраз жылдардан соң "КТЖ" АҚ ғимараттардың өздерін модернизациялайтын болады. "Сайран" халықаралық автовокзалы да қатар реконструкциялануда.

"Мемлекет басшысының Жолдауында қалаларда тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігі атап өтілген. Біз келер жылы да Алматының тарихи орталығы мен әр ауданды модернизациялауды одан әрі жалғастырамыз. Соңғы жылдары Түрксіб ауданында аулалардың 50%-дан астамы абаттандырылды. Ендігі жылы тағы 200 аула жаңарады, осылайша қаламыздың қарт ауданының барлық аулалары қайта жасалады", - деді Бауыржан Байбек.

Бұлардан өзге, келер жылы Түрксіб ауданында жаяу жүргіншіге басымдық беру үшін Сауранбаев көшесі модернизацияланады, екі сквер қайта жасалады. Сүйінбай даңғылынан Ержанов көшесіне дейінгі Шолохов көшесі жөнделеді, тротуарлар кеңейіп, жасыл желек отырғызылады.

Айта кетерлігі, қала кеңістігін жақсарту аясында мегаполистің тархи орталығының үштен екісі жаңарды, 524 көше мен 1400 ескі аулалар қайта жасалды. 300 км арық, 800 км астам инженерлік жүйе реконструкцияланды. Қаланың барлық жер асты жолдары күрделі жөндеулерден өтті.

Көшедегі барлық жарық көздерінің үштен бірі диодты және энергияны сақтайтын шамдарға ауыстырылды. Жыл аяғына дейін жаңа қоғамдық көліктің үлесі 80%-ға жетеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар