"Баум тоғайынан" басып алынған жер телімдері Алматыға қайтарылды

07 тамыз, 2018, 12:18 1709 Алматы

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бақ периметрі бойынша тәулік бойына жұмыс істейтін полицияның күзет орны іске кірісті, сонымен қатар бұрын құлаған ағаштардан жасалған эко-стильдегі навигациялық тақтайшалар мен орындықтар қойылды.

Алматыдағы Баум тоғайынан басып алынған жер телімдері қалаға қайтарылды. Табиғи ескерткіш болып табылатын "Баум тоғайының" аумағы Алматы қаласының коммуналдық меншігіне өткеннен соң мегаполис әкімдігі жеке тұлғалар мен автосалон иелерінің көлік тұрағын ұйымдастыру үшін жер телімін өз беттерінше басып алғандығын анықтады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Маусым айының соңында Алматы әкімі Бауыржан Байбек басып алынған жер телімдерін заңға сәйкес қайтаруды және оны жасылдандыруды тапсырған еді. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша қазіргі кезде мегаполистің ең үлкен және жасыл аумағындағы барлық жер учаскелері қалаға қайтарылды", - делінген хабарламада.

Бұлардан өзге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бақ периметрі бойынша тәулік бойына жұмыс істейтін полицияның күзет орны іске кірісті, сонымен қатар бұрын құлаған ағаштардан жасалған эко-стильдегі навигациялық тақтайшалар мен орындықтар қойылды. Терек, емен, қайың аллеялары үшін ағаштар отырғызу жоспарланған. 

Ағаштардың иммунитетін арттыру және зиянкестерден қорғау үшін заманауи препараттар арқылы жасыл желектер биологиялық өңдеуден өтетін болады. Табиғи аймақта флора мен фаунаны кеңейту міндеті қойылған. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауындағы құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу міндеттері бойынша бөлігінде атап өткендей, салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау керек. Мемлекет басшысы коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеп, ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне жоғары талап қою қажеттігін атап өткен еді.

Айта кетерлігі, Алматыда соңғы айлар ішінде тағы да бірқатар жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. Әкімдіктің қаулысы бойынша ҚІЫО "Атакентке" 23 гектар жер телімін уақытша жалға беру келісімі күшін жойды. TURKUAZ GROUP OF COMPANIES компаниясы "Южный" паркі учаскесінде тұрғын үй салудан өз еркімен бас тартты. 

Екінші деңгейлі банктің бірімен Розыбакиев-Штраус-Есқараев-Радостовец көшелері аумағындағы жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы келісімге қол жеткізілді. Сақ қорғаны орналасқан бұл жерге ашық аспан астындағы Музей салу жоспарланған. 

Сонымен қатар, Алматы әкімдігі қала ипподромы мен "Сайран" автовокзалын тарихи-мәдени мұра обьектілерінің алдын ала жасалған тізіміне енгізді. 

Өткен аптада мегаполис әкімі Бауыржан Байбек Абай көшесі бойындағы Түрксіб ауруханасының бұрынғы ғимаратын Алматы қаласы тарихының ескерткіштері тізіміне енгізу мәселесін қарастыруды тапсырды.

Ғимаратты тарихи-мәдени мұралар тізіміне енгізу оның сыртқы келбетін және ішін, конструкцияларын, құрылысын, мақсатты пайдаланылуын өзгертуге және қорғалатын аумағын бұзуға тыйым салынады. Нысанды өзгертуге, жөндеуге және реконструкциялауға қатысты кез келген шаралар өкілетті органның келісімімен ғана жүргізіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар