Баян Алагөзованы тонап кетті - Жаңалықтар | BNews

Баян Алагөзованы тонап кетті

12 қаңтар, 14:12 2249 Алматы
Баян Алагөзованы тонап кетті

Продюсердің кеңсесіне ұрылар кеше кешке түскен, деп хабарлайды BNews.kz.

Алматыда Баян Алагөзованың кеңсесіне белгісіз біреулер шабуыл жасаған. Алайда қылмыскерлер тек құжаттар салынған папканы ғана алып кеткен. Бұл туралы тележүргізуші әрі продюсер өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды.

Баян Алагөзова аталған қылмыстық әрекетті кімнің жасауы мүмкін екенін болжалды түрде білетінін атап өтті.

«Кеше түнде менің кеңсеме ұрылар түсіпті. Белгілі болғандай, олар аппаратура, компьютер және костюмдерге тиіспеген. Тек папкада тұрған құжаттарды ұрлаған. Жоқ, мен бұл мәселеге қатысты алаңдап отырған жоқпын. Себебі, мұны жасаған адамдар құжаттан жаман нәрсе таппайды. Аудиторларға босқа көп ақша төлеп, уақытыңызды шығындайсыз. Мен адал жұмыс істеймін! Сіздерді табу үшін бар күшімді саламын☝️! Бұл қылмысқа тапсырыс бергендер ерте ме, кеш пе жазаланады. Әрине, мұның кім екеніне болжамым да бар...», - деп жазды Баян Алагөзова (орфографиялық және пунктуациялық белгілер сақталды - редактордың ескертуі).

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар