Баянауылда әуежай құрылысы аяқталуға жақын

07 тамыз, 2018, 16:45 1685 Павлодар облысы
Баянауылда әуежай құрылысы аяқталуға жақын

Қазіргі уақытта "Қазаэронавигация" РМК-ның мамандары Баянауыл аэродромына ұшуды бақылаудың мобильді орталығын орнату жұмыстарын жүргізуде.

Павлодар облысының курорттық аймағындағы Баянауыл елді мекенінде әуежай құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

"Тартылған инвестициялар есебінен ұзындығы 1200 м және ені 21 м болатын қатты жабыны бар ұшу-қону жолағы салынды. Сондай-ақ, жуық арада жолаққа шығу жолдары мен перон салынып, электрмен қамтамасыз ету нысандарының және аэродромды қоршау жұмыстары аяқталады. Жолаушыларға қолайлы болу үшін ауданы 200 шаршы метр ғимарат салынған. Тікұшақтың қонуына арналған екі алаң дайындалды", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта "Қазаэронавигация" РМК-ның мамандары Баянауыл аэродромына ұшуды бақылаудың мобильді орталығын орнату жұмыстарын жүргізуде. Метеорологиялық жабдықтарды, радионавигациялық құралдарды және байланыс жүйелерін орнату шаралары да қарастырылған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, келесі туристік маусымда Астана-Баянауыл, Алматы-Баянауыл, Павлодар-Баянауыл рейстерін ашу жоспарланып отыр. Жоғарыда көрсетілген бағыттарға аймақтық авиацияның ұшақтарын пайдалану көзделіп отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар