Бейнебақылау камералары автоұрыны қылмыс үстінде ұстауға көмектесті 

07 қараша, 2017, 14:46 1300 Астана
Бейнебақылау камералары автоұрыны қылмыс үстінде ұстауға көмектесті 

Бейнабақылау камерасының арқасында бір қылмыстық іс ізі суымай ашылды, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Арам пиғылын іске асыра алмаған күдікті оқиға орнында қолға түсті.

Астана қаласының ІІД Жедел басқару орталығының операторлары Иманов-Бейсекбаев көшелері қиылысындағы мекеменің аумағына қойылған «Газель» маркалы көлігінен автобөлшектерді ұрлау фактісін тіркеді.

Видео: astana.gov.kz

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын осыған ұқсас көлік ұрлығы туралы оқиғаны хабарлаған болатынбыз. Атап айтсақ, Астанада өз көлігін өзі ұрлаған қылмыскер қолға түскен. Күдікті шілде айында сатқан көлігін қайта ұрлап сатып жібермекші болған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар