Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

20 қыркүйек, 2018, 09:25 3189
Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Республиканың солтүстігі мен шығысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

20 қыркүйекте республиканың батысы мен шығысында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың солтүстігі мен шығысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с, түнде және таңертең кей жерде тұман болады.

Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Алматы облысы Алакөл көлі маңында жел 17-22 м/с күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, күндіз Түркістан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының кей жерінде тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар