Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады - Жаңалықтар | BNews

Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Написать нам
04 қазан, 2018, 09:15 4545
Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Тек республиканың батыс бөлігінде жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал етеді, бірақ жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың батыс бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Қазақстанның кей жерлерінде тұман күтіледі, жел күшейеді. Жамбыл, Түркістан, күндіз және таңертең Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан, Мангыстау облыстарында, Қызылорда, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Ақтобе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар