Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады - Жаңалықтар | BNews

Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

16 тамыз, 2018, 09:18 3507
Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Сондай-ақ, екпінді жел соғып, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Екпінді жел соғып, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың солтүстік-батысы мен шығысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жел күшейіп, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысының  кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз жекелеген аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Павлодар және Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы облысында күн қатты ысиды деп күтілуде.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Кеше Қазақстанда алдағы күндері ауа райы салқындайтынын хабарлаған болатынбыз. "Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 16-18 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Карск теңізі аймағынан суық дымқыл арктикалық ауа түсетін болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар