Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

15 қараша, 2018, 09:31 1489
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

 Бүгін кей облыста жел күшейеді.

Республика территориясының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Фронталды бөліктердің өтуіне байланысты солтүстік-шығыс және Қазақстанның қиыр оңтүстігінде аздаған қар жауады. Кей жерде тұман, екпінді жел, шығыс бөлігінде екпінді жел мен жаяу бұрқасын болуы ықтимал, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Түркістан облысының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с қушеюі, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Aлматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар