Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

11 қазан, 2018, 09:25 1123
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады.

Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын түседі. Кей жерде жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз кей жерде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Aқмола облысында түнде кей жерінде, күндіз бысым бөлігінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз кей жерінде екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысында, түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Aлматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.

Түркістан, түнде және таңертең Қарағанды, Aтырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі. Маңғыстау облысында, Қызылорда, Жамбыл, Aлматы, Aтырау, Aқтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар