Бекзат Саттарханов туралы сериал түсіріледі

15 қараша, 2018, 19:09 3109 Астана
Бекзат Саттарханов туралы сериал түсіріледі

Түсірілу жұмыстары боксшының туған жері Түркістан қаласында өтеді.  

2019 жылы марқұм болған белгілі боксшы Бекзат Саттарханов туралы ғұмырналық телесериал жарық көреді, деп хабарлайды BNews.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

"Саттарханов туралы фильм түсіріледі. Онда боксшының өмірбаяны мен үлкен спорттағы жеткен жетістіктері туралы баяндалады. Алдымен 5 бөлімнен тұратын сериал ретінде түсіру жоспарлануда, одан бөлек, ғұмырнамалық толықметражды фильм түсіріледі", - дейді "Хабар" телеарнасының бас продюсері Айдос Тұрысбек.

Сондай-ақ, ол қазіргі таңда марқұм болған боксшының ата-анасы және бапкерлері арасында келіссөздер болып жатқанын атап өтті. Фильмді танымал режиссер Мұрат Бидосов өз қолына алмақ.

Продюсер фильмнің көп бөлігі боксшының туған жері - Түркістан қаласында түсірілетінін және келер жылы жарыққа шығатынын айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар