Беларусь және Польша елдерінде білім алуға оқу гранттары берілді

12 маусым, 2018, 09:58 1762 Астана
Беларусь және Польша елдерінде білім алуға оқу гранттары берілді

Беларустық ЖОО-да оқу үшін іріктелген 5 үміткерге, сондай-ақ поляк жоғары оқу орындарында оқу үшін 11 үміткерге гранттар берілді.

Беларусь және Польша Республикаларында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің аясында білім алу үшін 16 қазақстандыққа оқу гранттары берілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Айтимова шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.

Негізгі іріктеу критерийлері бойынша, магистратура мен докторантураға бакалавриаттың білім туралы дипломының орташа балы 4,5-ке (5,0-тен) және GPA-ң 3.0-ге (4.0-тен) сәйкес келеді.

Халықаралық шарттар аясында шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу барысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалық шағынан мүгедек балалар және медициналық қорытындыға сәйкес шетелде оқуға тыйым салынбаған мүгедек балалар, сондай-ақ көп балалы отбасылардың балалары артықшылыққа ие.

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің аясында Беларусь тарапы 6 грантты ұсынды, яғни бакалавриатураға - үш, магистратураға екі стипендия, сондай-ақ ғылым кандидаты дәрежесіне бір стипендия берілді.

Үміткерлерден құжаттарды қабылдау осы жылдың 17 мамырынан 1 маусымына дейін жүргізілді. Барлығы 6 өтініш берілді.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы 2018-2019 оқу жылындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің негізінде поляк тарапы Польшаның жоғары оқу орындарында қазақстандық азаматтарды оқытуға арналған 11 стипендия ұсынды.

Өтініш берушілердің құжаттарды қабылдау биыл 5-21 сәуір аралығында өткізілді. Барлығы 41 өтініш келіп түсті.

Комиссияның құрамы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ҚР Парламенті Сенатынан және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарынан, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерінен құрылды.

Комиссия шешіміне сәйкес, беларустық ЖОО-да оқу үшін іріктелген 5 үміткерге, сондай-ақ поляк жоғары оқу орындарында оқу үшін 11 үміткерге гранттар берілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: