Белгіленбеген орынға қоқыс тастаған жүргізушілерге айыппұл салынды - Жаңалықтар | BNews

Белгіленбеген орынға қоқыс тастаған жүргізушілерге айыппұл салынды

21 ақпан, 10:16 654 Астана
Белгіленбеген орынға қоқыс тастаған жүргізушілерге айыппұл салынды

Жыл басынан бері белгіленбеген орында қоқыс қалдықтарын, қарды шығарып, лас сұйықтықты төккен 38 жүргізуші жауапкершілікке тартылып, оларға 1 млн. 200 мың теңге айыппұл салынды деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері стихиялық қоқыс қалдықтарын төгуге жол бермеу мақсатында тұрақты түрде іс-шаралар жүргізеді. Осы мақсатта қоқыс қалдықтары көптеп төгілетін жерлерге тексерістер жүргізілуде.

"18 ақпанда ЖПҚ ЖПП Полкінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері белгіленбеген орынға шаруашылық қалдықтарды төккен "ГАЗ 5307" маркалы автокөлігінің 28 жасар жүргізушісін ұстады.

Ер азамат ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы "Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 10 АЕК көлемінде (24 050 тг) айыппұл салынды", - делінген таратылған хабарламада.

Жүргізуші қоқыстарды жинап, қалалық қоқысқа жеткізді. Осыған ұқсас фактілерге жол берілмес үшін құқық бұзушыға заңнаманың негізгі баптары түсіндірілді. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары