Белгілі қоғам қайраткері Нұрлан Ерімбетов өмірден озды - Жаңалықтар | BNews

Белгілі қоғам қайраткері Нұрлан Ерімбетов өмірден озды

21 наурыз, 14:09 4674
Белгілі қоғам қайраткері Нұрлан Ерімбетов өмірден озды

"Қазақстанның азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің бұрынғы президенті, қоғам қайраткері және тележүргізуші Нұрлан Ерімбетов Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығында қаза тапты.

Белгілі қоғам қайраткері, "Самұрық-Қазына" АҚ-ның омбудсмені Нұрлан Ерімбетов 58 жаста өмірден озды, деп хабарлайды BNews.kz

Нұрлан Кенжебекұлы Ерімбетов 1960 жылы 28 мамырда дүниеге келген. 1979-1983 жылдары Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтында білім алған. 1985-1997 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық мәдениет комитеті бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық мәдениет комитеті төрағасының бірінші орынбасары, ҚазССР Мемлекеттік мәдениет комитетінің басқарма бастығы қызметінде болды. 1997-2004 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2004-2005 жылдары "Отан" партиясы саяси кеңесінің хатшысы болды. 2006 жылдан "Мәдени майдан" қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін атқарды. 2007-2010 жылдары Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының атқарушы директоры, "АйтPARK" қоғамдық-саяси интелектуалды клубының негізін қалаушы әрі модераторы болды. 

2012 жылдан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ жанындағы "Әлеуметтік әріптестік орталығы" КҚ-ның бас директоры болды. 2013 жылдан бастап "Қазақстанның азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті. Саясаттанушы, қоғам қайраткері.

Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалды. "Құрмет" орденімен марапатталған.

Нұрлан Ерімбетовті жерлеу рәсімі Қызылордада өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

`