Бергей Рысқалиев жауап алу үшін Астанаға шақыртылды - Жаңалықтар | BNews

Бергей Рысқалиев жауап алу үшін Астанаға шақыртылды

24 ақпан, 15:06 1474
Бергей Рысқалиев жауап алу үшін Астанаға шақыртылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтың міндетті түрде келуін ескертті.

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев жауап алу үшін Астанаға шақыртылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Атырау облысының бұрынғы әкімі Рысқалиев Б.С., Рысқали А.С., Әлбақасов Р.С. және басқаларға қатысты қылмыстық істі тексеріп жатыр. Материалдар күдіктілердің құқыққа қайшы әрекеттері қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану, мемлекет мүлкін және бюджет қаражаттарын өз иелігіне өткізу және алаяқтық жолымен жымқыру, пара алу деп бағалауға негіз болады", - делінген мәлімдемеде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 208-бабының 1-бөлігіне сәйкес күдіктіге жауап алуға шақыру қағазы жіберілді.

"Күдіктілер Рысқалиев Б.С, Рысқали А.С., Әлбақасов Р.С. және басқа тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағынан сыртта болғандықтан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚПК 205-бабы 3-бөлігіне сәйкес күдіктілердің жауап алуға шақырылатынын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Күдіктілер Рысқалиев Б.С, Рысқали А.С., Әлбақасов Р.С., Желдібаев М.Ж., Ізбасар Е.Ө., Сүлейменов А.С., Жолмағамбетов Н.К., Темірәлин Б.Б. және Дәнұлы А.Г. 2018 жылғы 2 наурыз күні 10:00-ге дейін тергеу амалдарына қатысу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қазақстан Республикасы Астана қаласы Сейфуллин көшесі, 37-үйде орналасқан әкімшілік ғимаратына келуі тиіс", - деп мәлімдеді ведомство.

Шақыру бойынша келуіне кедергі келтіретін себептер болған жағдайда қылмыстық тергеу органына алдын ала мәлімдеме жасалуы тиіс.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары