Берік Арын ҚР қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды - Жаңалықтар | BNews

Берік Арын ҚР қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

21 шілде, 16:36 1490 Астана
Берік Арын ҚР қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Ол осыған дейін ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі лауазымын атқарған.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Берік Сақбайұлы Арын ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі қызметінен босатылып, ҚР қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды  BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Берік Арын 1969 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Филология" мамандығы бойынша, Қазақ мемлекеттік заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Орта, Таяу Шығыс және Африка елдері басқармасының референті, атташесі лауазымынан бастаған.

1996 жылғы желтоқсан айынан 2001 жылғы шілде аралығында Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы лауазымдарында қызмет еткен.

2001 жылғы шілдеден 2002 жылғы наурыз айы аралығында ҚР СІМ Африка екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім басшысы болған.

2002 жылдың наурыз айынан қыркүйек айына дейін - ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бөлім басшысы.

2002 жылғы қыркүйек айынан 2006 жылғы ақпан айы аралығында - ҚР-ның Египет Араб Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі.

2006 жылғы ақпан айынан 2007 жылғы маусым аралығында - ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы.

2007 жылғы маусым – 2009 жылғы желтоқсан аралығында - ҚР Парламентінің Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі.

2009 жылғы желтоқсан – 2011 жылғы желтоқсан аралығында - ҚР Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары.

2011 жылғы желтоқсан – 2016 жылғы қазан айына дейін - ҚР-ның Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

2012 жылғы ақпан – 2016 жылғы қазанға дейін - Араб Мемлекеттері Лигасы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі.

2012 жылғы мамырдан 2016 жылғы қазан айына дейін - ҚР-ның Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарған.

2015 жылғы сәуірден 2016 жылғы қазан айына дейін - ҚР-ның Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарған.

2016 жылғы маусым айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі лауазымын атқарды.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары