Бес әлеуметтік бастама – басты назарда - Жаңалықтар | BNews

Бес әлеуметтік бастама – басты назарда

26 шілде, 16:20 3067 Ақмола облысы
Бес әлеуметтік бастама – басты назарда

Парламент Сенатының депутаты Дәурен Әділбековтың Ақмола облысындағы жұмыс бабындағы сапары жалғасуда.

Жақсы ауданында сенатор жергілікті активпен және тұрғындармен кездесіп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын іске асыру мәселелері туралы айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әңгіме барысында бағдарламаның әр тармағына назар аударылды. Әсіресе, "7-20-25" бағдарламасы мен тұрғын үй сатып алудағы ипотекалық несие мәселелеріне көбірек назар аударылды. Сондай-ақ ауыл тұрғындарын шағын несие алу, сумен жабдықтау, жолдарды жөндеу және кең жолақты интернетке сапалы түрде қол жеткізуді қамтамасыз етуге байланысты өзекті мәселелер де алаңдатып отырғаны да белгілі болды.

Дәурен Әділбеков "Урожай" жауапкершілігі шектелген серіктестікте де болып, өндіріс алаңдарындағы жұмыстармен және астық пен құрғақ бұршақ дақылдарын өңдеу кешені құрылысының барысымен танысты.

Есіл ауданына сапар барысында Дәурен Әділбеков Красивое ауылында болып, орта мектепке жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сенатор содан кейін жеті елді мекенді қосатын автомобиль жолының Бұзылық-Алматы участогін көріп, оны жөндеу қажеттігін атап өтті.

Сенатор сондай-ақ "Туған жер" бағдарламасының аясында Юбилейное ауылына газ құбырын жүргізген "Ново-Приречное" жауапкершілігі шектелген серіктестіктің директоры Валерий Тюркинмен де кездесті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары